USD
USD
USD

Нұрсұлтан Назарбаев әлемнің ең бай көшбасшыларының ондығына кірді

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев ең бай көшбасшылар рейтингінде сегізінші орынды иеленді.

экс-президент
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Brand Vision Insights агенттігі дайындаған бұл тізімге қазіргі және бұрынғы мемлекет басшылары енген.

«Нақты сандар белгісіз болғанымен, Назарбаевтың жеке байлығы 1-2 миллиард доллар аралығында деп есептеледі. Бұл қаражаттың негізгі бөлігі оның отбасының банк саласындағы, жылжымайтын мүлік пен энергетика секторындағы үлестеріне байланысты», – делінген материалда.

Рейтингтің алғашқы орнында Ресей президенті Владимир Путин тұр. Оның байлығы 200 миллиард долларға дейін бағаланады. Екінші орында — Бруней премьер-министрі Хассанал Болкиах (50 миллиард доллар), ал үшінші орында — БАӘ шейхы Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум (20 миллиард доллар).

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп тоғызыншы орынға ие болды — Назарбаевтан бір саты төмен. Оның байлығы 5,1 миллиард долларға бағаланған.

Қазір оқып жатыр

СІМ соғыс аймағында жүрген 14 қазақстандықтың елшілікке жеткізілетіні туралы ақпаратты теріске шығарды

СІМ

Ыстамбұлда жеті қабатты үйдің үш қабаты опырылып, екі адам қаза тапты

Опырылған ғимарат

Украинадағы соғыс аймағында жүрген 14 қазақстандық Ресейдегі елшілікке жеткізіледі

Мейірман Шекеев

Ақтөбе облысында ер адам уақытша ұстау изоляторының төбесі арқылы қашып кеткен

Қашу