USD
USD
USD

Нұрсерік Шәріпов жаңа қызметке тағайындалды

ҚР Парламент Сенаты ҚР Жоғары сот кеңесінің Нұрсерік Шәріповті ҚР Жоғарғы Сотының судьясы қызметіне сайлау туралы ұсынымын мақұлдады.

Нұрсерік Шәріпов жаңа қызметке тағайындалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Парламент Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті Қазақстан Республикасы Президентінің Нұрсерік Кәрімұлы Шәріповті Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы қызметіне сайлау туралы ұсынуын қарап, мынаны атап көрсетеді: Қазақстан Республикасы Жоғары сот Кеңесінің Нұрсерік Кәрімұлы Шәріповті Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы қызметіне сайлау туралы ұсынымына негізделген Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы Сенатқа Қазақстан Республикасы Конституциясы 55-бабының 1) тармақшасына, 82-бабының 1-тармағына және «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 31-бабының 1-тармағына сәйкес енгізілді», - деді сенатор Владимир Волков.

Нұрсерік Кәрімұлы Шәріпов, 1965 жылы туған, жоғары заңгерлік білімі бар. 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қарағанды облыстық сотының төрағасы қызметін атқарып келген.

Қазір оқып жатыр

Stadler вагондары жолға шығуға дайын: билет сатылымы басталды

Stadler

Ақын Ербол Бықыбаев терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды

Ербол Былықбаев

Хайнаньда 150-ден астам қазақстандық рейсті бір тәуліктен аса күтуге мәжбүр болды: Air Astana мән-жайды түсіндірді

 Air Astana

Трамптың ұлы мен Кремльге жақын кәсіпкер Қазақстанда кездесіп, іскерлік келіссөз жүргізген болуы мүмкін – БАҚ

Умар Кремлев, кіші Трамп