Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласы әкімі қызметінен кетті

Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласы әкімі қызметінен кетті. Ол ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласы әкімі қызметінен кетті
Фото: NEGE.kz

Қызылорда, NEGE. Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. РФ Президенті жанындағы Ресей Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының 3 курс докторанты.

Бұған дейін Nege.kz порталында Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев турыла материал жарияланып, қоғамда және жоғарғы билікте резонанс тудырған. 

Еңбек жолын 1997-1998 жылдары аралығында «Казахойл-коммерция» ЖШС мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастаған.

1998-2005 жылдары жеке коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған.

2007-2008 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы. 

2008-2013 жылдары Қызылорда облысы, Шиелі ауданының әкімі. 

2013-2021 жылдары Қызылорда облысы, Қызылорда қаласының әкімі. 

Сегіз жыл табан аудармастан Қызылорда қаласын басқарған Н.Нәлібаев 2021 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық

Қазақстанда бір жылда АИ-92 бензинінің бағасы 15%-ға өсті

Бензин, дизель

Қорытынды сауалнама: қазақстандықтардың 73,1%-ы сайлауда дауыс беруге дайын

Сайлау туралы заң