Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Нұрлан Нығматулин Цойды тығылмай халықтың алдына шығуға шақырды

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды халыққа жақын болуға шақырды.

Нұрлан Нығматулин Цойды тығылмай халықтың алдына шығуға шақырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Құрметті министр мырза, сіздің халықтың алдына шығатын уақытыңыз келді. Халықпен тек қана санитарлық дәрігердің бұйрығы арқылы байланысуды тоқтатыңыз. Ауруханаға, емханаға, аудандарға барып, байланыс жасаңыз. Кезекте тұрған адамдармен сөйлесіңіз. Сіз медициналық көмектің сапасына қатысты ақпаратқа қанықсыз деп ойлаймын. Медицинаның қазіргі ахуалын жақсы түсініп отырсыз. Халықтың көңілі толмайтынын да білесіз", - деді Нұрлан Нығматулин мәжілістің жалпы отырысында.

Мәжіліс спикерінің айтуынша, денсаулық сақтау министрлігінің жиналатын уақыты келді.

"Алексей Владимирович, біз қазір тек денсаулық сақтау жүйесінде емес, барлық салада олқылықтар болып жатқанын көріп отырмыз. Бірақ жиналатын уақыт келді. Коммуникациялар қызметіндегі брифингтерде ғана байланыс орнатудың керегі жоқ. Сіз журналистердің сұрақтарының жартысына жауап бермейсіз, ақпаратты қағаздан оқисыз. Барыңыз, адамдармен сөйлесіңіз, біз кім үшін жұмыс істеп жатырмыз? Сіз халықпен кездесіп, медициналық қызметтің сапасын қалай бағалайтынын сұрауыңыз керек", - деп атап өтті Н.Нығматулин.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық