USD
USD
USD

Нұрлан Нығматулин Мәжіліс Төрағасы болды

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Нұрлан Нығматулин Мәжіліс Төрағасы лауазымына сайланды.

Нұрлан Нығматулин Мәжіліс Төрағасы болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Нұрлан Нығматулин қалада да, министрлікте де, облыста да, партияда да, әкімшілікте де басшы қызметтерде болып, өмірдің үлкен сынағынан өтті. Елбасының сынына шыдас берген, қазақша айтқанда, от пен судан өткен тұлға. Нұрлан Нығматулиннің Мәжіліс төрағасы ретіндегі қызметті танытқан талапшылдығын, іскерлігін, жауаптылығын біз алтыншы шақарылым кезінде өз көзімізбен көріп, күн сайын куә болып жүрдік», - деді депутат Сауытбек Абдрахманов.

Осы орайда ол Н. Зайроллаұлы кез келген тақырыпты жан-жақты зерттейтінін атап өтті.

«Мәжіліс төрағасы қызметіне Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулин кандидатурасы ұсынылуы әділ әрі орынды. Мен Парламентке сайланған барлық әріптестерімді, саяси партия фракциялар мүшелерін, Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған депутаттарды осы кандидатураны қолдауға шақырамын», - деді С. Абрахманов.

Сонымен қатар жалпы отырыс барысын «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев, Қазақстан Халық партиясының төрағасы Айқын Қоңыров Мәжіліс төрағасы лауазымына ұсынылған кандидатураны қолдады. Еске сала кетейік, 14 қаңтарда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы фракциясының отырысында Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының жетекшісі қызметіне Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын ұсынды. Фракция депутаттары Елбасының ұсынысын бірауыздан қолдады. Сондай-ақ, Мәжіліс спикері лауазымына Нұрлан Нығматулинның кандидатурасын ұсыну мәселесі де қаралды.

Қазір оқып жатыр

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Ержан Бабақұмаров

Sulpak негізін қалаушының қызы компания үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

сулпак

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Зейнетақы

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды

Күдікті, Нұрай