USD
USD
USD

Нұрлан Мәсімовке айыппұл салынды

Павлодар қалалық әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған сот Нұрлан Мәсімовтың ісін қарады.

Нұрлан Мәсімовке айыппұл салынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Отырыста Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысына қатысты екі іс қаралды.

Сот департаменттің 2021 жылы 18 қызметтік жылқыға жем сатып алуға 60,9 млн теңге бөлгенін анықтады. Алайда нормаларды бұзып, 10,7 млн теңге артық жоспарлаған. 2022 жылы жемге 13,4 млн теңге бөлінген, бірақ нормадан тыс 8,5 млн теңге қосылған.

Сот тиімсіз жоспарлау бюджет ақшасын тиімсіз пайдалануға әкеп соқты деп есептейді.

«Облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысының кінәсі әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамалар арқылы, аудиторлық есептер, тексеру комиссиясының материалдары, айғақтар және сот зерттеген басқа да материалдар арқылы дәлелденеді. Сот ҚР ӘҚБтК 234-1-бабы бойынша айыпталушыға әр іс бойынша 214,4 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындады», – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, сот әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама жасау кезінде іс жүргізу нормаларын бұзғаны үшін "Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясы" ММ атына жеке қаулы шығарды.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар