USD
USD
USD

Нұрлан Мәсімов ұсталды

Ресей Федерациясының арнайы қызметінің көмегімен Қазақстан-Ресей шекарасының шығыс учаскесінде өткізу пункттерінен тыс жерден заңсыз өту әрекеті кезінде ҚР және РФ азаматтарынан тұратын бір топ адам ұсталды, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі. 

Нұрлан Мәсімов ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Олардың арасында бастапқыда өзі туралы жалған деректер берген іздеудегі Павлодар облысы бойынша полиция департаментінің экс-бастығы Нұрлан Мәсімов анықталды.

Келісімдер аясында Ресей тарапы 13 шілдеде Н.Мәсімовты ҰҚК Шекара қызметі қызметкерлеріне берді.  Қажетті тексерулер мен сұрақ алу іс-шараларынан кейін құзыреті бойынша іздестірудің бастамашысы болған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке берілді.

Қазір оқып жатыр

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу