USD
USD
USD

Нұрлан Мәсімов сотта шекараны заңсыз кесіп өткенін мойындады

Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімов сотта Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткенін мойындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Нұрлан Мәсімов сотта шекараны заңсыз кесіп өткенін мойындады
Фото: NEGE.kz

Павлодар, NEGE. Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Нұрлан Мәсімовтің ісі бойынша сот отырысы өтіп жатыр. Сот отырысы кезінде ол шекараны заңсыз кесіп өткенін мойындап, бұл "аса қажеттіліктен болды" деп мәлімдеді. Айыпталушының айтқанын журналистерге Нұрлан Мәсімовтің адвокаты Дмитрий Куряченко да растады.

Нұрлан Мәсімовке аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген айып тағылған. Бұрынғы полицейге қатысты баптардың санкциясы бойынша мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылып, 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Нұрлан Мәсімовке "Аса ірі мөлшерде пара алу", "Бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде иемдену немесе жымқыру", "Қазақстанның мемлекеттік шекарасын өткізу пункттерінен тыс қасақана заңсыз кесіп өту" деген үш бап бойынша айып тағылып отыр.

Қазір оқып жатыр

Цифрлық платформа істен шықса, такси жүргізушілері мен курьерлер табыссыз қалмауы керек – депутат

Такси

Қазақстанда құрастырылған көліктер арзандай ма? Министр жауап берді

автокөлік өндірісі

Қазақстанда келер жылы ветеринарлардың жалақысы кемінде 420 мың теңгеге дейін көтерілуі мүмкін

Ветеринар дәрігер

«Негізі жоқ ақпаратқа қалай пікір білдіремін?»: Ақкенженов Теңіз кен орны туралы

Ерлан Ақкенженов