USD
USD
USD

Нұрлан Қоянбаевтың фильмі көш бастап тұр

Отандық прокатта топ жарған фильмдер тізімі анықталды. Табысты туындылар көшін «My love is Aisulu» картинасы бастайды.

Нұрлан Қоянбаевтың фильмі көш бастап тұр
Фото: NEGE.kz

Нұрлан Қоянбаевтың кезекті лентасы айналымдағы алғашқы аптада 76 миллион теңгеден аса пайда тапқан. Продюсер бұл жолы Америка, Корея емес Лос-Анджелес қаласына арнайы барып, романтикалық комедия таспалаған еді.

Әсел Сағатова мен Нұрлан Қоянбаевтың өзі басты рөлді сомдайтын туынды, қос ғашықтың махаббат хикаясын баяндайды.

Араға 17 жыл салып, үлкен экранға қайта оралған бұзық жігіттер екінші сатыда. 32 миллион теңге кіріс көрген «Bad Boys» фильмінде басты рөльді әйгілі актерлер Уилл Смит пен Мартин Лоуренс сомдады.

Айта кетейік, көрермен көзайымына айналған туындыда қос детективтің бастан кешкен оқиғасы баяндалады.

Актер Бенедикт Камбербэтч төбе көрсеткен «1917» тарихи драмасы топ үштікті түйіндейді. Тарихи лентада Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі британ әскерінің хикаясы суреттеледі. Сюжет бойынша, Блэйк есімді сарбаз генералдың өтінішімен маңызды миссия орындауға аттады. Оның басты мақсаты - тыңшылық қызметті мүлтіксіз орындау.

14 миллион теңге қаржыға кенелген режиссер Сэм Мендестің бұл туындысы «Оскардың» 10 номинациясы бойынша марапатталды.

Қазір оқып жатыр

Астанада кішкентай баланың туберкулезді қайдан жұқтырғаны анықталып жатыр

Аурухана

КҚК мұнай қабылдауды қайта бастады

КҚК шабуылы

Қостанайда үш адам қаза тапқан жарылысқа кінәлі адам жауапкершіліктен босатылды

өрт

Сарапшы 4,6 млрд доллар айыппұлды мұнай компанияларының акцияларына айырбастауды ұсынды

.