USD
USD
USD

Нұрлан Қоянбаев миллиардер атанды

Ермек Тұрсынов  экранға жол тартқан фильмдерді  мазаққа балағанда, соңғы жылдары кино түсіруді қолға алған Нұрлан Қоянбаев миллиардер атанып үлгерді.

Нұрлан Қоянбаев миллиардер атанды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Бизнес по-казахски» туындысының кезекті бөлімін көпшілік назарына ұсынған продюсердің бұл жолғы  кассалық түсімі қазақ киносы тарихында рекорд орнатты.  Өткен жылдың желтоқсан айында көрермендерге ұсынылған  Қоянбаевтың туындысы бір ай көлемінде еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіліп келді. Түрлі жағдайлар мен тосын оқиғаларға толы фильм түскен табыс бойынша голливудтық «Мстители:Финал»  кинокартинасының алдын орап, отандық киномандар таласа тамашалаған фильмдер тізімінің көшбасына шықты.

Кассалық түсімі 1 миллиард  40 миллион теңгеге жеткен туындының түсірілім тобы «Бизнес по-казахски» деп аталатын әнге бейнебаян таспалап үлгерген.

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.