USD
USD
USD

Нұрлан Ермекбаев: Жамбыл облысындағы жарылысқа Арыстан әкелген оқ-дәрілер себеп болған жоқ

ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Жамбыл облысының Сарыкемер ауылында Байзақ ауданындағы №28349 әскери бөлімінің оқ-дәрі қоймасында болған жарылыс туралы журналистер сұрақтарына жауап берді.

Нұрлан Ермекбаев: Жамбыл облысындағы жарылысқа Арыстан әкелген оқ-дәрілер себеп болған жоқ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  - Мұнда Арыстағы оқ-дәрілердің үштен бір бөлігі ғана әкелінген. Көп емес. Оның үстінде тек инженерлік оқ-дәрілер сақталған, - деді Ермекбаев.

Айтуынша, мұндағы база арсеналдан кіші. 

- Біріншіден, бұл әскери қойма емес, оқ-дәрілер базасы. Өйткені терминология бойынша қойма бар, сақтау орны бар, база бар, арсенал бар. Арыста арсенал болатын. Мұндағы база, арсеналдан кіші. Бұл базада тек инженерлік оқ-дәрілер сақталған. Инженерлік оқ-дәрілер жарылғанда алысқа ұшпайды, ол бір. Екіншіден, оның көлемі, саны Арыстағыдан 7-8 есеге аз. Сондықтан Арысқа қарағанда қаупі әлдеқайда төмен. Арысқа қарағанда тұрғын үйлер базадан алыста орналасқан. Жақын радиуста орналасқан адам саны көп емес, - деп жауап берді журналистердің сауалына.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған

Астанада мүгедектігі бар адамдарға 86 мың теңгеге дейін біржолғы көмек беріледі

әлеуметтік төлем

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков