USD
USD
USD

Нұрлан Әуесбаев президенттікке кандидат ретінде тіркелді

Кандидатты Жалпыұлттық социал-демократиялық партия ұсынған. Оның кандидатурасын 15 аймақтан 120 мың 908 адам қолдап сенім білдірген. Тексере келе 119 мың 197-сі расталды. Комиссия мүшелері Нұрлан Әуесбаевтың кандидатурасын қабылдау туралы бірауыздан шешім қабылады.

Нұрлан Әуесбаев президенттікке кандидат ретінде тіркелді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. - Орталық сайлау комиссиясының аппаратына Нұрлан Сатыбалдыұлы Әуесбаевтың ҚР Президенттігіне кандидат ретінде тіркелгені туралы мәліметтерді Қазақстан Халық жинақ банкіне арнаулы уақытша шотты ашу үшін дереу жіберуді және кандидаттың тіркелгені туралы хабарды БАҚ-та жариялауды қамтамасыз етуді тапсырамын. Осылайша, Орталық сайлау комиссиясы Нұрлан Сатыбалдыұлы Әуесбаевты ҚР Президенттігіне кандидат ретінде тіркеді, - деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров. 

Президенттікке үміткер ретінде барлығы алты адам тіркелді: Қасым-Жомарт Тоқаев, Мейрам Қажыкен, Жигули Дайрабаев, Қарақат Әбден, Салтанат Тұрсынбекова, Нұрлан Әуесбаев.

Қазір оқып жатыр

Алматы, Шымкент, Түркістан және Ұлытау ЭКСЖ ұлттық жобасы бойынша артта қалды

.

Бозымбаев: Коммуналдық желілердің тозуын 2029 жылға дейін төмендетуіміз керек

.

Таразда 19 жастағы қызды алып қашқан Алматы облысының үш тұрғынына үкім шықты

блогер соты

Алматыда полицейлер жүзден астам автобусты айыппұл тұрағына алып кетті

Қоғамдық көлік