USD
USD
USD

Нұрлан Әбдіров Сенат төрағасының орынбасары болып сайланды

Нұрлан Әбдіров ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары болып сайланды.

Нұрлан Әбдіров Сенат төрағасының орынбасары болып сайланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «ҚР Президентінің жарлығымен Нұрлан Мәжитұлы Әбдіров ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды. Конституцияның 58-ші бабына сәйкес, Сенат төрағасының орынбасары лауазымына сенатор Нұрлан Әбдіровті ұсынамын. Өздеріңізге белгілі, Нұрлан Мәжитұлы - тәжірибелі және білікті маман. Әділет министрлігінде және қауіпсіздік кеңесінде жауапты қызметтер атқарды. Бүгінге дейін Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы ретінде табысты еңбек етіп келді», - деді ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Сенат отырысында.

Өз кезегінде сенаторлар дауыс беру арқылы бір ауыздан Нұрлан Әбдіровтің кандидатурасын қолдады.

«Қаулы қабылданды. Нұрлан Әбдіров ҚР Парламенті Сенатының төрағасының орынбасары болып сайланды», - деді Сенат төрағасы.

Айта кетейік, бүгін ҚР Парламенті Сенатының алтыншы шақырылымы өз жұмысын бастады.

Қазір оқып жатыр

АҚШ жемқорлық пен есірткі тасымалына қатысы бар шетелдіктерге виза шектеуін енгізді

АҚШ-қа виза

БҚО-да тазалық талаптарын бұзғандарға қатысты 7 мыңға жуық әкімшілік іс тіркелді

БҚО "Таза Қазақстан"

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев