USD
USD
USD

Нұрлан Жалғасбаев ҚР-ның Польша Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Нұрлан Жалғасбаев
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Нұрлан Әділұлы Жалғасбаев Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы, Бангладеш Халық Республикасындағы, Непал Федеративтік Демократиялық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдив Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.

Нұрлан Әділұлы Жалғасбаев 1970 жылы 2 сәуірде Ақтөбе облысының Алға қаласында дүниеге келген. Петрозаводск мемлекеттік университетін бітірген.

Өзінің дипломатиялық мансабын 1993 жылы Азия елдері басқармасының референті ретінде бастаған. ҚР СІМ Орталық аппаратында түрлі лауазымдарда жұмыс істеп, оның ішінде Көпжақты ынтымақтастық департаментін, Халықаралық ұйымдар және қауіпсіздік мәселелері департаментін және Еуропа департаментін басқарды. Сондай-ақ, Қазақстанның Литва, Грузия, Норвегия, Италиядағы елшіліктерінде және Нью-Йорктегі БҰҰ жанындағы ҚР Тұрақты өкілдігінде жұмыс істеді. 1999-2000 жылдары ҚР Президенті Протоколы басшысының орынбасары болды. 2016-2019 жылдары АӨСШК-де жұмыс істеді.

Қазақстанның Үндістандағы Елшісі лауазымына тағайындалғанға дейін ҚР СІМ Көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры болды.

I сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесіне ие.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Мұнай

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

.

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

Дамир Ташкараев

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?

.