USD
USD
USD

Нұрлан Сабуровтың әйелі де Қазақстанға көшіп келген

Әзілкеш Нұрлан Сабуровтың әйелі Диана Сабурова Алматыға тұрақты тұруға көшіп келгенін мәлімдеді.

Сабуровтар
Фото: instagram.com/saburova_diana

Астана, NEGE. Әзілкештің жұбайы Қазақстанға қоныс аударғаны туралы жаңалығын Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. Айтуынша, бұл жаңалығын жариялауға оқырмандарынан келіп түскен сұрақтар себеп болған.

«"Мұнда қонаққа келдіңіз бе, әлде тұруға ма?" деген сұрақтар көп қойылады. Мен енді Алматыда тұрақты тұрамын», – деп жазды ол.

Диана Сабурованың да Қазақстанға көшіп келгеніне Нұрлан Сабуровтың жағдайы түрткі болғаны анық. Жалпы Сабуровтар отбасының Ресейден көшіп кетуі желіде қызу талқылануда, желі қолданушыларының көбі олардың шешімін қолдап, ізгі тілегін білдірген.

Еске салайық, жыл басында ресейлік БАҚ-та Сабуровқа Ресей Федерациясының аумағына 50 жылға кіруге тыйым салынғаны жайлы ақпарат тараған еді. Кейін әзілкештің бұл жаңалықты Дубайдан Мәскеуге ұшып келген сәтінде Внуково әуежайында бір-ақ білгені айтылды. Нәтижесінде ол Қазақстанға оралуға мәжбүр болды.

Сондай-ақ Сабуровтың «Вагнер» легионының Истра бөлімшесіне 10 эндуро мотоциклін бергені және «Все для Победы» қорына 2 млн рубль аударғаны туралы ақпарат тарап, Украинада оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Осы ақпаратқа байланысты Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті де тексеріс жүргізді. Комитет өкілдері таяуда тексеру нәтижесін жариялады.

Қазір оқып жатыр

Қазақ айтысының көрнекті өкілі Надежда Лушникова өмірден өтті

Надежда Лушникова

ШҚО-да қызының ернінен сүйген ер адамның әрекетіне қатысты тексеру басталды

Қыз

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында жүк тасымалдаушылардан кепілдік жарна талап етіле бастайды

«Қазығұрт» өткізу бекеті

Қазақстанда кедейлік деңгейі төрт есеге жуық төмендеді

ақша