USD
USD
USD

Нұрлан Сабуров Молдованың «қара тізіміне» енді

Молдова Республикасының Мәдениет министрлігі елде концерт өткізуі құпталмайтын ТМД әртістерінің тізімін жариялады. Тізімге әзілкеш Нұрлан Сабуров та енгізілген.

Нұрлан Сабуров
Фото: Instagram.com/nurlan__saburov

Астана, NEGE. Ведомство жариялаған тізімде Баста, Гуф, Моргенштерн сынды 25 адамның аты-жөні көрсетілген.

Бұл ретте министрлік аталған шара мәдени іс-шараларды өткізуге тыйым салмайтынын атап өтеді. 

Сондай-ақ егер концерт ұйымдастырушылар Молдоваға осы тізімге енгізілген әртістерді немесе қарулы агрессияны қолдап, ақтаған қоғам қайраткерлерін шақырғысы келсе, оның салдары үшін өздері жауап беретіні ескертілген. Тіпті шақырылған өнер иелеріне ел аумағына кіруге рұқсат берілмеуі де мүмкін.

Осыған байланысты ұйымдастырушыларға іс-шараны хабарлап, билеттерді саудаға  шығармас бұрын, Мәдениет министрлігімен кеңесіп алу ұсынылды.

Еске салсақ, бұған дейін желіде Нұрлан Сабуровқа Ресей Федерациясының аумағына 50 жылға кіруге тыйым салынғаны және оның Қазақстанға оралғаны туралы ақпарат тараған еді.

Сондай-ақ Сабуровтың «Вагнер» легионының Истра бөлімшесіне 10 эндуро мотоциклін бергені және «Все для Победы» қорына 2 млн рубль аударғаны туралы ақпарат тарап, Украинада оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Осы ақпаратқа байланысты Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті де тексеріс жүргізіп, ешқандай құқықбұзушылық анықталмағанын хабарлады.

Қазір оқып жатыр

Мәскеуден Алматыға бағыт алған SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонуға мәжбүр болды

SCAT шұғыл қонды

Астанада кішкентай бала көлікпен дәмханаға соғылды

Көлік апаты

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы