USD
USD
USD

Нұрқожа Қайпанов еркін күрестен әлем чемпионы атанды

Албания астанасы Тирана қаласында олимпиадалық емес салмақтарда еркін күрестен өтіп жатқан әлем чемпионатында Нұрқожа Қайпанов жеңімпаз атанды.

Нұрқожа Қайпанов
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Бұған дейін 2019 жылы Астанада өткен әлем біріншілігінде күміс алған 70 келіге дейінгі салмақтағы қазақстандық балуан финалда жапониялық Йошиносуке Аоягимен сынға түсті.

Бірінші кезең 1:0 есебімен жапониялық спортшының пайдасына аяқталды. Екінші кезеңде Нұрқожа 3:1 есебімен алға шықты. Қорытынды есеп – 5:3, Нұрқожа Қайпановтың пайдасында.

Осылайша, Н.Қайпанов Ризабек Айтмұқанның өткен жылғы жетістігін қайталады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты мәлімдеме жасайды

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Самұрық-Қазына» өкілдері басшысы ұсталғаннан кейін мәлімдеме жасады

«Самұрық-Қазына»

«Самұрық-Қазына» басшысының ұсталуы бұрын-соңды болмаған жағдай»: саясаттанушы

Данияр Әшімбаев

Келер жылдан бастап декреттегі әйелдердің зейнетақы жарнасы азаяды

ана мен бала