USD
USD
USD

Нұрқан Сәдуақасов жаңа қызметке тағайындалды

Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Нұрқан Олжабайұлы Сәдуақасов санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

Нұрқан Сәдуақасов жаңа қызметке тағайындалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Нұрқан Сәдуақасов 1971 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1997 жылы Атбасар қаласында Атбасар аудандық СЭС санитарлық бөлімінің меңгерушісі болып бастады.

1999-2000 жылдары — Атбасар аудандық СЭС бас дәрігері. 2000 жылы Ақмола облысының СЭС бас дәрігерінің санитарлық мәселелер жөніндегі орынбасары қызметіне кірісті.

2001-2009 жылдары Көліктегі Ақмола аумақтық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау орталығының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары қызметін атқарды.

2009-2014 жылдары — ҚР ДСМ Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті басқармасының басшысы, төрағасының орынбасары, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер.

2014-2017 жылдары — ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің техникалық регламенттер талаптары мен санитариялық шаралардың сақталуын бақылау басқармасының басшысы.

2017-2019 жылдары ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы, Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.

2019-2020 жылдары — ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары.

2020 жылдан бастап қазірге дейін — ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары. тиіс.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер