USD
USD
USD

Нұрислам Санаевқа екі бөлмелі пәтер берілді

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Нұрислам Санаевқа өңір басшысы Оңдасын Оразалин пәтер кілтін табыс етті, деп хабарлайды өңір басшысының баспасөз қызметі.

Нұрислам Санаевқа екі бөлмелі пәтер берілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин бүгін Токиода өткен жазғы Олимпиада ойындарынан оралған ақтөбелік спортшылармен және олардың жаттықтырушыларымен кездесті. Олимпиаданың қола жүлдегері Нұрислам Санаевқа екі бөлмелі пәтер кілтін сыйлады. Олимпиада ойындарына қатысқан балуан Мейрамбек Айнағұловқа, суда жүзуші Диана Назароваға, сонымен қатар, спортшылардың жаттықтырушыларына өңір басшысы бағалы сыйлықтар табыстады.

«Сіздер - еліміздің мақтанышысыздар. Жас ұрпаққа салауатты өмір салты мен спортты дәріптеуде үлгі бола отыра баға жетпес үлес қосасыздар. Адал әрі аянбай күрескендеріңіз үшін, батылдықтарыңыз бен отансүйгіштіктеріңізге шын жүректен алғыс айтамын»,- деді Оңдасын Оразалин.

Олимпиадаға қатысушылар облыс басшылығына кәсіби спортты қолдағаны үшін алғыс айтып, жоспарларымен бөлісті.

«Қолдағаны үшін халқыма шексіз ризамын. Жерлестерімнің қалай қарсы алғандарын көріп, Олимпиада жүлдегері болғанымды анық сезіндім. Отандастарымды Парижде өтетін Олимпиадада алтын алқамен қуанту үшін бұдан да көп дайындалатын боламын»,- деді Нұрислам Санаев.

Айта кетейік, палуан Юсуп Батырмырзаев пен каратэші Нұрқанат Әжіқанов, сонымен қатар Токиодағы Олимпиада ойындарында Ақтөбе облысы атынан шыққан басқа да спортшылар туған жерге 11 тамызда оралады. Сонымен бірге суда жүзуші Виталий Худяков Ыстықкөл жанында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынына кірісіп те кеткен.

Қазір оқып жатыр

Ұлттық Банк Avtobys жүйесіне қатысы бар компанияны төлем ұйымдарының тізілімінен шығарды

.

Атыраулық кәсіпкерлер базарды көшіруге наразы

Мерей базары

Полиция актер Нұрғали Нұғманның зорлық көргені туралы мәлімдемесі бойынша тексеріс бастады

Қарағанды

Құлсарыда «ҚазТрансОйл» қызметкері сенбілік кезінде қаза тапты

ҚазТрансОйл