USD
USD
USD

Нұрымбет Сақтағанов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Нұрымбет Сақтағанов
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. «Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды», делінген хабарламада.

Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов 1970 жылы 6 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 

Ол Алматы қаласындағы Қазақ политехникалық институтын және Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетін бітірген.

Ол әр жылдары геолог, Сауда және қызмет көрсету департаментінің штаттан тыс инспекторы, Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Іс басқармасы» мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры қызметтерін атқарды.

Сондай-ақ Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімін, құрылыс бөлімін басқарды. Кейін Шығыс Қазақстан облыстық құрылыс басқармасының басшысы болды. Ерлан Текешов Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары, Тарбағатай ауданының әкімі, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, «ШығысЭнергоТрейд» ЖШС-нің бас директоры қызметтерінде жұмыс істеген.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан бюджет тапшылығын жабу үшін тағы 2,5 млрд долларға дейін қарыз тартпақ

салық

Заңсыз салынған нысандарды жарнамалаған: Krisha және Korter айыппұл арқалады

Krisha.k, Korter.kz

АҚШ-та Қазақстан азаматы ұсталды

Азамат Балтагерей

Алматы облысында 19 адам сушиден уланған: дәмхана жұмысы уақытша тоқтатылды

түркістан