17 Ақпан 15:10

«Нурикамал» әнінің авторы қайтыс болды

Фото:

Елімізге танымал сазгер, халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты Тұрдықылыш Ізтаев 71 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Бұл туралы Түркістан облыстық мәдениет басқармасы facebook парақшасында хабарлады.

Алматы, NEGE.Тұрдықылыш Ізтаев 1949 жылы 30 маусым күні Түркіменстан Республикасының Тахтабазар ауданында дүниеге келген. 1968 жылы Шымкент музыка училищесін, 1973 жылы Құрманғазы атындағы консерваторияны, 1993 жылы Ленинградтағы Н.К. Крупская атындағы мәдениет институтының аспиратурасын бітірген.

Еңбек жолын 1973 Әл-Фараби атындағы Шымкент мәдениет институтында бастап, осы ұжымда 1994 жылға дейін қызмет етті. Халық аспаптар кафедрасының доценті, Ш.Қалдаяқов атындағы облысы филармонияның көркемдік жетекшісі, халық аспаптары оркестрінің дирижері болған. Ол 20-дан астам ғылыми және оқу әдістемелік жұмыстың авторы. Әндері жеке альбом болып «Махаббат – өмір» деген атпен жарық көрді. Қазақ еліне етене танымал «Нурикамал» әнінің авторы. Облыстық мәслихаттың грамотасымен марапатталды, «2000 жылдың ең үздік композиторы» атанды.

Тегтер: