USD
USD
USD

Нұргүл Ертаеваның Алматыдағы коттеджі 1,5 млрд теңгеге сатылды

Алматыда Нұргүл Ертаеваның меншігінде болған коттедж аукционда 1,5 млрд теңгеге сатылды. Бұл бастапқы бағадан 700 млн теңгеге арзан.

.
Фото: e-qazyna

Астана, NEGE. Бірнеше ай бұрын Алматы қаласының Мемлекеттік активтер басқармасы бұл үйді аукционға шығарған. Ол кезде коттедждің бастапқы құны 2,2 млрд теңге деп белгіленген еді.
Үйдің Нұргүл Ертаеваға тиесілі болғанын Алматы қаласының әкімдігі редакциямызға берген ресми жауабында растаған.

«Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының 2024 жылғы 5 қаңтардағы қаулысын орындау мақсатында Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Мирас шағынауданы, 188-үй мекенжайында орналасқан тәркіленген жылжымайтын мүлік нысаны Ертаева Н.А.-дан қаланың коммуналдық меншігіне қабылданды.

Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларының 96-тармағына сәйкес, коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіруден түскен қаражат жергілікті бюджетке бағытталады», – делінген әкімдік жауабында.

Сот кабинетіндегі деректерге сәйкес, 2024 жылғы 5 қаңтарда Нұргүл Алдашқызы Ертаеваға қатысты іс сот өндірісінде болған. Ол – Bank RBK-тен 144 млрд теңге жымқыру ісі бойынша сотталған банкир Жомарт Ертаевтың жұбайы. Кейбір мәліметтер бойынша, екеуі ажырасқан.

Тәркіленген жеке бассейні бар үй Алматыдағы қымбат аудандардың бірінде, әл-Фараби даңғылынан жоғары орналасқан. Жақын маңда Тұңғыш Президент саябағы, «Жайлау» гольф-клубы және жекеменшік білім беру мекемелері, соның ішінде халықаралық «Мирас» мектебі бар.

Бұл коттедж орналасқан аумақтағы жер телімдерінің иелері қатарында ERG-дегі Шодиевтер мен Ибрагимовтар әулетіне, сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев пен Тимур Құлыбаевқа қатысы бар ұйымдар да кездеседі.

Қазір оқып жатыр

Киевте қазақстандықтарды есірткі бизнесіне тартып келген call-орталықтар жабылды

Есірткі бизнесі

Қазақстан және ОПЕК+ қатысушылары мұнай өндіру көлемін арттыруға келісті

Мұнай экспорты

Қазақы тазы Болоньяда өткен World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде таныстырылды

Тазы

Тоқаев Пашинянды «Азаматтық келісім» партиясының сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Пашинян, Тоқаев