USD
USD
USD

Нұрғиса Дәуешов: Наурызда өтетін шаралар зияткерлік мазмұнда болуы тиіс

Наурыз мейрамы күндері ұйымдастырылатын мерекелік іс-шаралардың мазмұны тартымды, танымдық және зияткерлік мағынада болуы керек. Бұл пікірді ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов алға тартып отыр.

Нұрғиса Дәуешов: Наурызда өтетін шаралар зияткерлік мазмұнда болуы тиіс
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Наурыз үлкенді қастерлеу мерекесі. Аға буынның ізгі тілегі мен батасын алу игі іс. Ардагерлерге құрмет көрсетіп, ақсақалдардан «Наурыз бата» беру дәстүрін кейінгі ұрпаққа жеткізу әз Наурызды тойлауды жаңғырта түсудегі басты мақсатты бірі. Мереке күндері барлық медиаконтент кең көрерменге арналуы керек. Әрі өтетін іс-шаралар қызықты, танымдық, зияткерлік мазмұнда болуы тиіс», – деді Нұрғиса Дәуешов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министрдің айтуынша, бүгінде ел көлемінде Наурыз мейрамын тойлау басталып кетті.

«Бүгін елордада Еуразия ұлттық университетінің ұйымдастыруымен «Наурыз – ел бірлігінің мәдени коды: ізденіс, тұжырымдама, тәжірибе» атты республикалық ғылыми – тәжірибелік конференциясы өтіп жатыр. Осы секілді мерекелеу күндері елімізде ғылыми-зерттеу институттары және ЖОО-ның ұйымдастыруымен 15 ғылыми-тәжірибелік конференция мен дөңгелек үстел өтеді», – дейді ол.

Қазір оқып жатыр

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі

30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді

Парламент

«Van Cleef алқасын, Dior сөмкесін пара ретінде алған»: Кореяның экс-бірінші ханымы тағы 7 жыл арқалады

Ким Кон Хи

Бейбіт Құсайынов: Қазақстанда екінші орын алсаң, «бірінші орын алдым» деп есептей беруге болады

Бейбіт Құсайынов