USD
USD
USD

Нұрғали Нүсіпжановқа мемлекеттік стипендия табыс етілді

Мәдениет қайраткерлері мемлекеттік стипендиямен марапатталды.

instagram.com/nurgali_nusipzhanov_official
Фото: instagram.com/nurgali_nusipzhanov_official

Астана, NEGE. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қазақстан Республикасының Президенті атынан мәдениет және өнер қайраткерлеріне мемлекеттік стипендияларды табыс етті, деп хабарлайды Ақорда.

Осы жылы 75 адам мемлекеттік қолдауға ие болды. Олардың қатарында Марфуға Айтқожа, Олжас Сүлейменов, Геннадий Балаев, Ақұштап Бақтыгереева, Смағұл Елубай, Шайза Ахметова, Алтыншаш Жағанова, Ғаббас Қабышұлы, Тынымбай Нұрмағанбетов, Гүлнар Салықбаева, Қайрат Байбосынов, Камилла Ли, Досхан Жолжақсынов, Нұрғали Нүсіпжан, Жанғали Жүзбай, Юрий Клушкин және басқалары бар.

Ақорда
Ақорда

Сонымен қатар опера әншісі Мария Мудряк, театр актрисасы Алтынай Нұрбек, кино және театр актері Бәзіл Сұлтанғазы, актрисалар Самал Еслямова мен Екатерина Максим және басқа да жас таланттар мемлекеттік стипендиямен марапатталды.

«Мемлекеттің қолдау шарасы мәдениет қайраткерлерінің кәсіби шеберлігін шыңдауға, жаңа идеялар мен жобаларды іске асыруға бағытталған», – делінген хабарламада.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мәдениет және өнер қайраткерлерін жүйелі қолдау, мәдени инфрақұрылымды одан әрі дамыту Президент Қасым-Жомарт Тоқаев саясатының негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

«Кастетпен ұрған»: Таразда тоғызыншы сынып оқушысын жеті қыз жабылып соққыға жыққан

қыз

Астана мен Алматыда пәтер бағасының өсуіне не әсер етеді?

Астана

Мұнай бағасы тағы өсті

Мұнай

«Псевдо ұлт деу – артық»: депутат Танакөз ақынның жазбасы жайлы

бапи