USD
USD
USD

Нұрдәулет Шертім: Рахат Әлиев шапалақпен тартып жіберген

Бұрынғы КВН-ші, әзілкеш, актер Нұрдаулет Шертім еш жерде айтылмаған сырын "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында айтты. 

Нұрдәулет Шертім: Рахат Әлиев шапалақпен тартып жіберген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Жанып тұрған кезіміз еді. Бірақ әлі танылып, кемелденген шағымыз емес. Әлі баламыз. Әзіл айтып, көзге түсіп қалған соң Дариға Назарбаеваның туған күніне шақырту алдық. Ол жерде өнер көрсетуіміз керек болды. Лауазымды адамдар, Елбасы, бәрі отырды. Біз саясаттан, әр жерден қызықты әзіл айта бастадық. Рахат Әлиев мырза тірі еді. Сол кісі туралы әзіл айттық. Өзіміздің алдын ала жасалған әзіліміз болатын. Біз Елбасыға сұрау қойдық. "Рахат Әлиев мерейтой жасағысы келіп жатыр. Ол үшін 100 млн теңге керек екен", - дедік. Сосын Елбасының басқа жиында айтқан сөзін қойдырдық. Ол жерде Елбасы "Шамиль Бекбауылұлына тапсырыңыздар. Ол 100 мыңға жасайды", - деген сөзі кетті. Бұл алдын ала жасалған таспа. Елдің бәрі ду күлісті. Біз де мәзбіз. Содан бізді екінші рет әзіл айтуға шақырды. Біз дайындалып келсек, Рахат Әлиев күтіп тұр екен. Мені келіп шапалақпен бір қойды. Екінші Дастанды, одан кейін Дәуітті ұрды. Бастапқыда түсінбей қалдық. Не айтарымызды білмедік. Кейін қате айттық па деп ойландық. Бұл бізге тәрбие секілді болды. Есіріп кетпеңдер, сендерді бақылап отырған адамдар бар деген ескерту еді", - деді  Нұрдәулет. 

Актер ол кезде аңғал бала болғанын айтады. Сол кештен үш актердің әрқайсысы 150 мың теңгеден алған көрінеді. 

Қазір оқып жатыр

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Арай Есенбек

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

.

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

әділет партия

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Ержан Бабақұмаров