USD
USD
USD

Үш отандасымыз бокстан Азия чемпионы атанды

Моңғолия астанасы Ұланбатырда өтіп жатқан ересектер арасындағы Азия чемпионатының финалдық бәсекесінде боксшылар Нұрбек Оралбай, Сабыржан Аққалықов және Оразбек Асылқұлов Қазақстан қоржынына алтын медаль салды.

Нұрбек Оралбай
Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

Астана, NEGE. Қазақстан бокс федерациясының мәлімдеуінше, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері, 85 келідегі Нұрбек Оралбай финалда Өзбекстан спортшысы Жасурбек Юлдошевпен кездесті. Нұрбек 3-раундта да рингте еркін қимылдап, төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетті.

Ал 75 келідегі Сабыржан Аққалықов ақтық сында Өзбекстан спортшысы Жавохир Абдурахимовпен жұдырықтасты. Алғашқы минуттан-ақ техникалық шеберлігі басым болған жерлесіміз 5:0 есебімен басым түсті.

60 келіде қазақстандық Оразбек Асылқұлов топ жарды. Ол финалда Үндістан өкілі Сачин Сачинмен кездесіп, қарсыласын 3:2 есебімен ұтты.

Тағы бір отандасымыз Төрехан Сабырхан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

70 келідегі Төрехан Сабырхан шешуші сайыста Иорданияның боксшысы Зейад Ишаишпен кездесті. Бұл кездесуде  Зейад Ишаиш 5:0 есебімен жеңімпаз атанды.

Қазір оқып жатыр

Аида Балаева Құрылтай депутаттарына қатысты сынның буллингке ұласып бара жатқанын айтты

Мәдениет және ақпарат министрі

Қазақстан – Қырғызстан шекарасында жүздеген жүк көліктері жиналып қалды

.

Алматыда электросамокатпен келе жатқан ер адам қаза тапты

Элеткрсамокат

18 жастағы Сәтпаевты «Бернли» бапкері бүкіл командаға үлгі етті

Дастан