USD
USD
USD

«Нұр Жолы» өткізу бекетінде 2,3 мың жүк көлігі тұр

Алматы облысында Қытаймен шекарадағы «Нұр Жолы» кедендік және шекаралық бақылау бекетінде 58 шақырымдық көлік кептелісі қалыптасты. 

«Нұр Жолы» өткізу бекетінде 2,3 мың жүк көлігі тұр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Пандемияға байланысты Қытай Халық Республикасы өзге елдерден қабылдайтын көлік санын қысқартты. Соның салдарынан өткізу бекетінде жүк автокөліктерінің кептелісі орын алды. Бүгінгі таңда оның ұзындығы 58 шақырымды құрады, жалпы саны – 2 мың 366 жүк көлігі. Аудан әкімі тез арада жедел штаб құрды. Штабқа кеден қызметі, шекара қызметі, полиция бөлімі, сондай-ақ жүргізушілер құрамынан белсенділер енгізілді. Бұл жерде аталған өткізу бекетіндегі проблемалар талқыланады және шешіледі. Жедел штабтың күнделікті отырыстары барысында қалыптасқан жағдай тұрақталды. Аталған учаскеде қоғамдық тәртіпті бұзу, жол-көлік оқиғалары тіркелген жоқ. Сонымен қатар, жүргізушілермен заң талаптарын мүлтіксіз сақтау және ұсақ құқық бұзушылықтарға жол бермеу туралы құқықтық түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде», - деді Алматы облысы Панфилов аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Жандос Кавлиев.

Сонымен қатар, жедел штабтың белсенді жұмысы және жүк көліктерінің жүргізушілерімен тығыз қарым-қатынас нәтижесінде өткізу бекетінен жедел өту үшін өз қызметтерін ұсынатын делдалдардың заңсыз әрекеттері әшкере болған. «Жүргізушілердің өздері жалпы кезекті «айналма жолмен» өтуді қалап, сұраныс тудырмағаны абзал. Қазірдің өзінде делдалдар қатарынан бірнеше адам жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, патрульдік полиция жасақтары «Нұр Жолы» бекетінің маңында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерін анықтады. Құқық бұзушыларға әкімшілік заңнама талаптарына сәйкес шаралар қабылданды. Бұл жердегі жағдай тұрақтанды және бақылауда», - деді подполковник Кавлиев. 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай