«Нұр Жолы» кеден бекетінің басшысы ұсталды
Қытаймен шекарадағы "Нұр Жолы" кеден бекетінің бірқатар лауазымды тұлғасы ұсталды, – деп хабарлайды Антикор баспасөз қызметі.
Алматы, NEGE. 28 ақпанда Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Бас прокуратураның Ішкі тергеу департаментімен бірлесіп Қытаймен шекарада "Нұр Жолы" кеден бекетінің бірқатар лауазымды тұлғаларының қылмыстық әрекетінің жолын кесті.
«Жүргізілген жедел біріктірудің нәтижесінде қылмыстық әрекетті имитациялаған қадағалау органының қызметкеріне жүргізілген тексеру бойынша мәселелерді оң шешкені үшін 50 мың АҚШ доллары мөлшерінде пара беру дерегі құжат түрінде рәсімделген.
Аталған дерек бойынша «Нұр Жолы» кеден бекетінің басшысы мен оның орынбасары ұсталды», – делінген хабарламада.
Қазір оқып жатыр
«Әділет» партиясы Ақмолада өңірлерді дамыту бағдарламасын таныстырды
Daryn.online платформасына жүргізілген тексеру нәтижесінде әкімшілік іс қозғалды
Алматы әкімдігінің туристік турнесіне 1 млрд теңгедей бюджет қаражаты жұмсалған
Марқұм Ұлдананың күйеуі өтемақыны қайтаруға міндетті ме – Заңгер жауабы