«Nur Otan» праймеризді қорытындылады
«Nur Otan» партиясының партияішілік сайлауында 660 мыңнан астам адам дауыс берген.
Алматы, NEGE. Бұл ақпараттық жүйеде тіркелген мүшелерінің 84%-і. 581 мың адам онлайн дауыс беру платформасын қолданған. Шалғайда тұратын 81583 адам қағаз бюллетенмен дауыс беріпті. Жалпы праймеризге 10990 адам қатысқан. Оның 36%-тен астамы әйелдер. 30%-ке жуығы жастар. Кандидаттардың 70%-і өзін өзі ұсынған. Екі мыңға жуық пікірсайыс өткен. Сайлау кезінде арнайы комиссияға отызға жуық арыз-шағым түскен. 34 үміткер праймеризге қатысу құқығынан айырылған. Партия хатшысы праймериздің әділ әрі ашық өткенін айтты.
«Nur Otan» партиясының хатшысы Арман Қырықбаев: «Бұл Елбасы өткен жылы тамызда жариялаған «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам» – партияны қайта жаңғырту бағдарламасының ең негізгі бақыттарының бірі. Негізгі әлеуметтік топтарды қамтылуына келер болсақ, кандидаттардың сапалық құрамы қызметіне қарай былай бөлінді. 31%-і білім, ғылым саласы өкілдері. 14%-і шағын және орта бизнес өкілдері, 7,8%-і мәдениет және спорт саласы, 7,1%-і қызмет көрсету, 6,2%-і ауыл шаруашылығы саласы және 4,6%-і өнеркәсіп және басқа да сала өкілдері» деді.
Қазір оқып жатыр
Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды
30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді
«Van Cleef алқасын, Dior сөмкесін пара ретінде алған»: Кореяның экс-бірінші ханымы тағы 7 жыл арқалады
Бейбіт Құсайынов: Қазақстанда екінші орын алсаң, «бірінші орын алдым» деп есептей беруге болады