«Nur Otan» партиясының қызметкерлері туалет таппай сенделіп жүр
Бүгін Алматы қаласының Медеу ауданындағы Көктебе аумағында мүлдем су жоқ. «Nur Otan» партиясының Медеу аудандық филиалы қызметкерлері туалет таппай, жеке үйлердің есігін қағып жүр.
Алматы, NEGE. Көктөбенің етегінде, Радлов көшесінің бойындағы бизнес орталықта билік партиясының Медеу аудандық филиалы орналасқан. Nege.kz порталының редакциясымен көрші. Бүгін таң атқалы редакцияның ауладағы туалетінде кәдімгідей кезек пайда болды. «Бақсақ, бақа екен» демекші, су жүйесіндегі жөндеу жұмыстарына байланысты суды өшіріп қойыпты. Соған байланысты орталықтағы туалеттердің бәріне құлып салынған.
«Көрші ақысы – тәңір ақысы» деген бар. Партия филиалының қиналған қызметкерлеріне көмектеспек ниетпен туалетке кіруге рұқсат еттік, бірақ бір шарт қойдық: су келгенге дейін туалетті қажетінше пайдалануға болады, тек партия қызметкерлері кезекпен дәретхананы тазалап тұрсын.
Нұротандықтар әбден жалқауланып кеткен бе, әлде билік партиясының өкілдері редакция туалетін тазалауға арланды ма, келіскісі келмей қипақтады. Өзара келісім болмаған соң, біз де туалеттің есігін құлыптап қойдық. Әркім өз артын өзі тазалап жүргені дұрыс қой...
Тілшіміз құзырлы органдарға хабарласып, не себепті суды тоқтатқанын анықтады. Жөндеу жұмыстарына байланысты Көктөбеде кешкі беске дейін су болмайды екен.
Бірер сағат шыдауға болар, егер одан кейін де су келмесе, нұротандықтар үшін туалеттің есігін қайтадан ашамыз. Тек біздің шартымызбен келіссе болғаны...
Қазір оқып жатыр
«Жасанды тыныс алу аппараты болмаған»: Қарағандыда бүлдіршіннің өліміне қатысты тексеріс жүргізіледі
Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды
Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды
Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды