USD
USD
USD

Nur Otan партиясының бұрынғы депутатының мәйіті табылды

Осыдан бір ай бұрын жоғалған "Нұр Отан" партиясы экс-депутатының мәйіті табылды. 63 жастағы Нұрлан Сүлейменовті құтқарушылар Қарағанды облысы Нұра ауданындағы өзеннен алып шыққан, деп хабарлайды Информбюро.

Nur Otan партиясының бұрынғы депутатының мәйіті табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «5 мамырда Қарағанды облысы ТЖ сүңгуірлері мен учаскелік полиция инспекторлары іздестіру жұмыстарын жүргізу кезінде Нұра өзенінен Нұра ауданы Тассуат ауылының 63 жастағы тұрғынының мәйітін тапты. Туыстары танып, растады», – деді Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиғаға қатысты тиісті сараптамалар тағайындалды.

«Өзен арнасы бойынша іздеу жұмыстарына судың деңгейі, күрделі рельеф, шұңқырлар, су астының толық көрінбеуі, өсімдіктердің көп болуы кедергі келтірді. Соған қарамастан, құтқарушылар үмітін үзбей бірнеше рет сол жерлерді тексеріп, іздеу жұмыстарын жүргізді. Қаза тапқан адам көлік табылған аумақтан төрт шақырым қашықтықтағы жерден табылды», – деп нақтылады ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтардың жеке деректері тарағаны рас па? Мәдиев жауап берді

Киберқылмыс

Тоқаев Ерсайын Нағаспаевты өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінен босатты

Ерсайын Нағаспаев

Талғарда мүгедектігі бар балалардың ата-аналарынан паспорт үшін заңсыз ақша алған

қос азаматтық

Бектенов: мемлекеттік қызметшілер Aitu-ды пайдалануы керек

Олжас Бектенов