21 Қаңтар 19:22

Nur Otan «көрден» тұрды... Фоторепортаж

Фото:

Қаңтар қырғынынан Алматы қаласындағы біраз ғимарат қирады. Бүлікшілер қалалық әкімдіктен тартып, прокуратура, Nur Otan партиясы бөлімшелері орналасқан ғимараттарды қиратып, кейбірін өртеп жіберді. Бұрынғы билік партиясының қазіргі жай-күйі қандай? Nege.kz тілшісі Nur Otan партиясының Алматының 8 ауданындағы бөлімшелерін аралап шықты. 

Бейбіт митинг соңы бүлікке ұласқан шақта қалың нөпір алдында кездескен, ұнамаған дүниелерді қирата бастаған. Сол тізімнің басында Nur Otan партиясының Әуезов аудандық филиалы тұр. Төле би көшесінің бойындағы «Айсұлтан» бизнес орталығының маңдайшасында үлкен әріппен жазылған «Nur Otan» деген жазумен қоса 6 қабатты ғимараттың терезесі түгел қирап қалған-ды. 

Nur Otan партиясының Әуезов аудандық бөлімшесі. 21.01.2022 ж

Аталған ғимараттың алғашқы қабаты ғана партияға тиесілі болса, өзге қабаттарда басқа компаниялар жұмыс істеп келген. Қазір бизнес орталықтың тіршілігі тұралап тұр.  

Партияның жұмысы тоқтап тұрған тағы бір бөлімшесі бар. Ол – Түркісіб ауданында. Бірақ, оған ел ішіндегі бүлік емес жаһанды жайлаған вирус себеп болыпты. Ғимараттың кіреберісінде дәл сондай мәтіндегі орыс тіліндегі хабарлама ілулі тұр. 

Nur Otan партиясының Түркісіб аудандық бөлімшесі. 21.01.2022 ж

Бір қызығы, вирус партия жұмысын тұралатқанымен қоймай, ғимарат маңдайшасындағы жазуды да «құлатқанын» байқадық. 

Nur Otan партиясының Түркісіб аудандық бөлімшесі. 21.01.2022 ж

Бүлік кезінде маңдайшадағы жазуы алынған тағы бір Nur Otan-ның бөлімшесі – Медеу ауданында. 

Nur Otan партиясының Медеу аудандық бөлімшесі. 11.01.2022 ж

Бір қызығы, тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы біраз үнсіздіктен соң эфирге шыққаннан кейін жазу қайта орнатылды...

Nur Otan партиясының Медеу аудандық бөлімшесі. 21.01.2022 ж

Партияның өзге бөлімшелеріне айтарлықтай залал келмепті. Ғимарат та аман, жазу да орнында. Алайда партия бөлімшелеріне кірген-шыққан адам қарасы байқалмайды. 

Nur Otan партиясының Алмалы аудандық бөлімшесі. 21.01.2022 ж

Nur Otan партиясының Наурызбай аудандық бөлімшесі. 21.01.2022 ж

Nur Otan партиясының Жетісу аудандық бөлімшесі. 21.01.2022 ж

Nur Otan партиясының Алатау аудандық бөлімшесі. 21.01.2022 ж

Nur Otan партиясының Бостандық аудандық бөлімшесі. 21.01.2022 ж

28 қаңтарда Nur Otan партиясының кезектен тыс съезі өтеді. Партия төрағалығына президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың келетінін бұрынғы президенттің өзі айтты. Партияның басшылығымен бірге құрылымы да өзгеретіні анық. Ал енді билік партиясының атауы өзгере ме? Осы жиында басы ашық біраз сұраққа жауап алуымыз мүмкін. 

Тегтер: