USD
USD
USD

«NUR OTAN»: Бейнеуде заманауи темір жол вокзалы салынады

22 желтоқсанда елімізде сайлау алдында «Nur Otan» партиясының үгіт науқанының екінші толқыны басталып, штаб мүшелері мен кандидаттардың аймақтағы халықпен және ұжымдармен кездесулері жалғасуда.

«NUR OTAN»: Бейнеуде заманауи темір жол вокзалы салынады
Фото: NEGE.kz

Бейнеу аудандық мәслихатына депутат Ардақ Бораш «Есет» Бастауыш партия ұйымы мүшелерімен кездесті. Кандидаттар партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламамен таныстырды. Сондай-ақ Бейнеу ауданына ыңғайланып жасалған бағдарлама бойынша да түсіндірме берді.

Аудан халқының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын ұдайы жақсарту үшін  партия 7 басым бағытты айқындайды. Ол үшін экономикасы тұрақты, жайлы, әлеуметтік қамтылған, жастарға мүмкіндік көп, тарихы мен мәдениеті дамыған, қауіпсіз аудан құруды алға қояды.

Тоғыз жолдың торабы – Бейнеу станциясы бірнеше бағытқа жол тарайтын маңызды торап. Осыған орай заман талабына сай темір жол вокзалы қажет-ақ. Бұл мәселені партия 5 жылдық программада қарастырып отыр. Жаңа вокзал салынып қана қоймай, аумағына сауда нүктелері мен тамақтану орындарын ашу көзделген. Автомобиль жолдары бойына да жолаушылар үшін жағдай қарастырылмақ. Бұл Бейнеу қозғалыс магистралінің пайдаланысын оңтайландырып, жақсартпақ.

Ауданда тұрақты жұмыс орындарын құру, жұмыссыздық деңгейін азайту мақсатында кәсіптік оқыту, бизнес кәсіпорындарын құру, кәсіпкерлікке баулу, жаңа ілгерінді технологияларды енгізу, өндірісті әртараптандыру, агроөнеркәсіптік кешендерін құру шаралары жүзеге асырылады. Тоқталып өтсек, астық терминалын кеңейту, жылына кем дегенде бір наубайхана, бір жиһаз және пластик дайындау цехы, бір көкөніс дақылдарын өсіруге арналған бақша мен жылыжай ашуды көзделіп отыр. Бұл шаралар 5 жыл ішінде 9600-дей жаңа тұрақты жұмыс орындарын құрып, жұмыссыздық деңгейін төмендеуіне мүмкіндік береді.  

Партия бұдан бөлек Есет ауылын 100% сумен қамту, газдандыру жұмыстарына ықпал етеді.

Сайлауалды бағдарламадағы аудан, Есет ауылы үшін осындай маңызды жұмыстар толық жеткізілгеннен кейін ауылдың өзекті мәселелері талқыланды. Қатысушылар тарапынан ұсыныстар айтылды. «Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!» ұранмен «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясының Маңғыстау облыстық филиалы сайлау қорының қаражатынан төленді.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Мұнай

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

.

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

Дамир Ташкараев

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?

.