Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

«Nur Otan» ауданда жылына 1135 жаңа жұмыс орнын құрады

Хромтау қаласында орналасқан «Қазавтожол» ҰК АҚ-на қарасты Жол-пайдалану пунктінің жұмысшыларымен экспромт-кездесу өткізген аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Жантас Нұрымов «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы облысты дамытуға арналған 7 басым бағыт туралы айтып берді.

«Nur Otan» ауданда жылына 1135 жаңа жұмыс орнын құрады
Фото: NEGE.kz

– Біздің сайлауалды бағдарламамыздың басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасау. Халықтың әл-ауқатының негізі – азаматтарды жұмыспен және тұрақты жалақымен қамтамасыз ету екендігі белгілі. Сонымен бірге, COVID-19-ға қатысты жағдай еңбек нарығында түзетулер енгізіп, жұмыспен қамту саласындағы белсенділікті төмендетіп, халықтың табысын азайтты. Біздің міндетіміз – жұмыс орындарының жеткілікті санын құру арқылы жұмыссыздықты 4,3% деңгейінде сақтау. Бұл дегеніміз – 2025 жылға қарай орташа жалақыны кемінде 200 мың теңгеге дейін арттыруға мүмкіндік береді. Мемлекеттік бағдарламалар мен ірі инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен ауданда жыл сайын кемінде 1135 жаңа жұмыс орнын құруды көздеп отырмыз, – деп Жантас Нұрымов жол қызметкерлерін «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақыра келе, өзінің сайлауалды бағдарламасымен де таныстырып өтті.

«Партия мүшесі және өз елінің азаматы ретіндегі менің басты міндетім – аудан азаматтарының өмірін жақсарту», – деген үміткер сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын тізбектеп берді.

– Мен өз бағдарламамда халықтың әлсіз топтарына қолдау мен көмек көрсетіп, шағын және орта бизнесті дамытуға жан-жақты қолдау танытуды мақсат тұтып отырмын. Сондай-ақ, сайлаушыларыммен бірге жастардың бос уақыты мен жұмысқа орналасу мәселелерін шешуге ниеттімін. Себебі, бүгінде дипломын қолына жаңа алған жас маманның жұмысқа орналасуы қиындық тудыратыны анық. Мемлекет тегін негізде жаңа мамандықтар бойынша қайта даярлаудан өтіп, жастар тәжірибесі арқылы тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беріп отырғанда, депутаттар бұл мәселені шешуге тікелей қатысуы керек деп санаймын, – дей келе, Жантас Жарқынұлы сайлаушылардың мүддесі үшін жұмыс жасауға әзір екендігін мәлімдеді. 

«Nur Otan» партиясының Хромтау аудандық филиалы сайлау қорының қаражатынан төленді.

Қазір оқып жатыр

Электр қуатының өшуі Қазақстанның оңтүстігіндегі энергожүйе үшін сынақ болды

Алматы

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.

Мақта теріп, қой алған: Threads-те танымал болған оқушы кәсібін қалай бастады

Мал шаруашылығы

Қазақстанда жарықтың өшуі Қырғызстандағы ГЭС-тен басталды – KEGOC

тариф