Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

«NUR OTAN» партиясы Ақтау қаласына сапарында зейнетақыны жыл сайын индекстеуді уәде етті

Партия өкілдері бұл күні Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі жазушы және сәулетші Сайын Назарбектің шаңырағына арнайы барды.

«NUR OTAN» партиясы Ақтау қаласына сапарында зейнетақыны жыл сайын индекстеуді уәде етті
Фото: NEGE.kz

Республикалық сайлауалды штабтың жетекшісі Бауыржан Байбек аға буын өкілдеріне қамқорлық әрқашан «Nur Otan» - ның назарында болатынын атап өтті.

«Nur Otan» партиясы сондай-ақ «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында жалғызбасты және аса мұқтаж қарттарға атаулы көмек көрсетіліп, әрбір өңірде белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары құрылады. Егде жастағы науқас жандарды емдеу шараларын жүргізетін арнайы медициналық кадрларды даярлауды ұйымдастырады.

«Сайлауалды уәделі жұмыстарымыз аясында біз ынтымақты зейнетақыларды жыл сайын инфляция деңгейінен 2%-ға  индекстеу міндетін қоямыз. Зейнетақыны ресімдеу және тағайындау бойынша барлық рәсімдер проактивті форматқа көше отырып, электрондық түрде көрсетілуі тиіс», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Ақсақал кішкентай баладан еңкейген қарияға дейін барлық мәселені қамтыған партия өкілдеріне ризашылығын жеткізіп, ақ батасын берді.

«Nur Otan» партиясының Маңғыстау облыстық филиалы сайлау қорының қаражатынан төленді.

Қазір оқып жатыр

Электр қуатының өшуі Қазақстанның оңтүстігіндегі энергожүйе үшін сынақ болды

Алматы

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.

Мақта теріп, қой алған: Threads-те танымал болған оқушы кәсібін қалай бастады

Мал шаруашылығы

Қазақстанда жарықтың өшуі Қырғызстандағы ГЭС-тен басталды – KEGOC

тариф