USD
USD
USD

Нүкенова қайтыс болған күні Путиннің делегациясы БАУ мейрамханасындағы VIP бөлмені брондаған

Астананың мамандандырылған ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әйелін өлтіру ісі бойынша сот отырысы жалғасып жатыр.

БАУ
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бүгінгі сот отырысында Салтанат Нүкенова қайтыс болған күні сол кезде Астанада жүрген Ресей президенті Владимир Путиннің делегациясының БАУ мейрамханасындағы VIP бөлмені брондағаны белгілі болды. 

Істің бұл мән-жайы екінші сотталушы Бақытжан Байжановтың телефонын тексеру кезінде анықталды.

Жәбірленуші тарап Бишімбаев пен Байжановқа Нүкенованың денесінен құтылуына осы себеп кедергі болды деп болжады. 

Байжанов мейрамхана әкімшісі Қарлығашқа жазған смс-хатында барлық брондардан бас тартуды сұраған. Өйткені 9 қарашада Бишімбаевтың тапсырмасымен мейрамхана жабылған.

«Бұл жағдайдың іске тікелей қатысы бар. Олар Ресей Федерациясы президентінің делегациясы келетінін біліп, Салтанаттың денесін мейрамханадан шығара алмаған», - деді жәбірленуші тараптың адвокаты Жанна Оразбақова. 

Судья бұл жәбірленуші тараптың қорытындылары ғана екенін айтты.

«Бұл сіздің қорытындыңыз. Өз қорытындыңызды сот жарыссөздерінде айтыңыз», - деді судья Айжан Құлбаева. 

Қазір оқып жатыр

Астанада Павлодар облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр

.

Бес күн де шыдамады: Ақ үйдің жаңа баспасөз хатшысы қызметінен кетпек

Трамп

«Министрдің құпиясына хатшысы арқылы қол жеткізу оңай»: Олжас Сәтиев кибертыңшылық туралы

Decaf

«Яндекс» Қазақстанды екінші орынға ысырып қойды ма?

.