Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Нью-Йорктегі атыстан 10 адам көз жұмды

АҚШ

Нью-Йорктегі атыстан 10 адам көз жұмды
Фото: NEGE.kz

-тағы Нью-Йорк штатының Буффало қаласындағы супермаркетте болған атыс салдарынан 10 адам қаза тапты. Бұл туралы ВВС ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алматы, NEGE. Полицейлер мұны нәсілдік өшпенділіктен туындаған қылмыс деп санап отыр. Оқиға орнында ұсталған 18 жастағы жігіт қамауға алынды. Полиция оның аты-жөнін әлі жарияламады.

Күдікті сенбі күні түскі уақытта адам көп жүретін супермаркетке кіріп, оқ жаудырған.

Полицияның мәліметінше, ол шабуылды желіде көрсету үшін камераны пайдаланған. Ер адам қаланың негізінен қара нәсілділер тұратын аймағына жету үшін бірнеше сағат жол жүрген деп болжанып отыр.

Буффало полициясының комиссары Джозеф Грамалья қаза тапқандардардың көпшілігі афро-американдықтар екенін айтты. Одан басқа, супермаркеттің үш қызметкері оқ жарақатын алған. Дүкенде жұмыс істейтін зейнеткер полицей шабуылдаушыны тоқтатпақ болған кезде оқ тиген.

Қазір оқып жатыр

Канье концертіне бара алмағандар билет құнын қайтара ала ма: Министрлік не дейді

концерт билеті

Барлау минуста. Құлыбаевтар мемлекетке 2 млрд теңге айыппұлды НЕГЕ төлемей жүр?

Кулибаев

Мектепте оқушылар смартфондарын қайда қалдырады?

Телефон

Каспийдегі мұнай-газ компаниялары терроризмге қарсы күштерді орналастыру үшін орын бөлуге міндеттелмек

Каспий