USD
USD
USD

Нью-Йоркте Навальныйды қолдау акциясында Қазақстан туы көтерілді (видео)

23 қаңтарда Алексей Навальныйды қолдау акциясы тек Ресейде емес, басқа да бірнеше мемлекетте өтті.

Нью-Йоркте Навальныйды қолдау акциясында Қазақстан туы көтерілді (видео)
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Нью-Йорктегі Таймс-скверде көптеген адам ту және плакат ұстап, оның ішінде Қазақстан туын көтеріп жиналды.

«Көп адам шықты. Навальныйды, саяси тұтқындарды қолдау үшін жиналды. Ту, плакат ұстап жаяу жүрдік. Адамдар кімде ең креатив плакат деп жарысып келеді. Акцияға тек ресейліктер емес, орыстілді азаматтар қатысып жатыр. Мұнда беларусиялықтар да бар, Қазақстан туы да көрініп тұр. Осының алдында беларусиялықтарды қалай қолдаса, қазір де тура солай болып жатыр», – деді E1.RU басылымына Екатеринбург тумасы Дмитрий Ланге. 

Навальныйды қолдау митингі Лос-Анджелес, Прага, Тель-Авив, Амстердам, Гаага, Барселона, Рим, Вена, Хельсинки, Париж, Варшава, София, Стокгольм, Берлин, Гамбург, Лондон, Тбилиси, Вильнюс, Сидней,  Черногорияда өтті, деп жазады Meduza.   

Шетелде олар Ресей елшілігі мен дипломатиялық мекемелердің алдында жиналды. Бірнеше жүздеген адамнан бастап мыңға дейін адам шықты.

Қазір оқып жатыр

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy

Каспийдегі сарбаздардың қазасы: әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков қамауға алынды

Қанат Ниязбеков

Армения парламентінде жанжал шығып, депутаттар төбелесті

Армения депутаттары

Қазақстанда кейбір психологтар еңбек өтілінсіз жұмыс істей алады: жаңа стандарт бекітілді

Психолог