USD
USD
USD

Нью-Йоркте мектептердің ашылуы кейінге шегерілді

Мұнда негізі оқу 10 қыркүйекте басталуы тиіс еді. Алайда билік оны 21 қыркүйекке дейін кейінге қалдыру дұрыс деп шешкен.

Нью-Йоркте мектептердің ашылуы кейінге шегерілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жалпы бұған дейін осы шаһар мұғалімдері «мектептерді әзірге ашпаған жөн» деп өз наразылығын білдірген болатын. Олар «балалардың барлығы коронавирусқа тест тапсырсын» деген талап қойған.

Нью-йорк мэрі Билл де Блазио: "Оқудың қайта басталуын кейінге шегеруіміздің бір себебі – қауіпсіздік мәселесі. Нью-Йоркте 200-ден аса тест тапсыру бекеті бар. Олардың көбі мемлекеттік мектептердің жанында орналасқан. Алайда, біз білім беру мекемесінің аумағында фургондар мен шатырлар орнатуға ниеттіміз. Бұл оқушылар мен мектеп қызметкерлерінің тест тапсыруын жеңілдетуі тиіс" деді. 

Ал, Ұлыбританияда балалар кеше партаға қайта отырды. Мұғалімдер кейбір оқушылардың мектеп бағдарламасынан қалып қойғанын байқаған. Ұстаздар «енді оның орнын толтыру үшін екі жыл қажет» дейді. Бұған дейін зерттеу нәтижесі көрсеткендей, британдық оқушылардың 20%-і қашықтан оқу кезінде үйде дайындалмаған көрінеді.

Қазір оқып жатыр

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Мың доллардың футболкасын кім алады?»: Миллионер Арсен Томский Esentai Mall-дағы бағаға таңғалды

Арсен Томский