Референдум Референдум
USD
USD
USD

Нью-Йорк төрінде – Димаш Құдайберген

Қазақстандық мега жұлдыздың өнеріне тыңдармандар таңданыспен қарайды. Оның қатысуымен ұйымдастырылатын кез келген кеш аншлагпен өтеді.

Нью-Йорк төрінде – Димаш Құдайберген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Димаш Құдайберген желтоқсанның 10 жұлдызында Нью-Йорктегі «Barclays Center» аренасында «Arnau tour ENVOY» концертін өткізді. Аренада ине шаншар орын болмаған. Жанкүйерлер шоуға толы кеш  басталмас бұрын 5 сағатқа ерте келген. Димаштың ән кешін көруге көптеген мемлекеттің өкілі ниет білдірген.

Тыңдарманның жылы лебізі, құшақ-құшақ гүлдер, көрерменнің ыстық  ықласы. Барлық қошемет әрине қазақ халқының маңдайына біткен жұлдыздың құрметіне арналды. Жоғары сападағы дыбыс пен заманауи безендірілген сахна талайды таңдай қаққызбай қоймады. Мұндай жеке шығармашылық кешке кез келген шоу бизнес өкілдері қызыға қарары хақ. Себебі, алаңды бос орынсыз көрермендерге толтыру екінің бірінің қолынан келе бермейді. Ал өзге елде концерт өткізу - әр өнер иесінің арманы.

Айта кетейік, кеш иесінің әкесі мен анасы  Қанат пен Света Айтбаевтар бәйгеге шапқан баласының кешіне отбасымен бірге Ақтөбеден арнайы ұшып келген.  Қайда жүрсе де қасиетті  қара домбыраны қолынан тастамаған  Димаш қазақтың әнін  Нью-Йорк аспанында әуелетіп, еліміздің абыройын асқақтатты. Қазақ әнінен бөлек, ағылшын, орыс пен қытай тілінде жаңа және ескі хиттерді шырқады. Бұл кезекті шоудың бағдарламасы мен кеш иесінің ерекше үлгідегі сахналық образдарын қазақстандық дизайнерлер мен арнайы жас мамандар тобы дайындаған. Екі сағат бойы жанды дауыста ән тыңдаған жанкүйерлер ерекше әсерге бөленді. Өнер иесіне шығармашылығына деген шексіз алғысын қошемет арқылы білдірген. Ал миллиардардың жүрегінен орын алған Димаш Құдайберген киелі сахнада тыңдармандарының ыстық ықыласына қарап  көз жасына ерік берді. Халықтың қошеметіне бөленген шоқтығы биік жұлдызды әлі талай әлем сахнасынан көреміз деген сенім мол.  

Ұлжан Айнақұлова

Қазір оқып жатыр

Алматыдағы қағаз зауытына 49,9 млн теңге айыппұл салынды

 Республикалық ТКШ Альянсы

Польшада қазақстандық әйел қаза тапты

 Екатерина Шилова

Трамп Ресей мұнайына салынған санкцияларды уақытша алып тастады

Ресей мұнайы тиелген танкер

Әскерде тағы бір сарбаз мерт болды

Әскери адам, сарбаз