5 Қараша 15:41
...

Нью-Йорк марафонына бес қазақ қатысады

Фото:

Ертең әйгілі Нью-Йорк марафоны өтеді, деп хабарлады «Хабар 24». Оған әлемнің 152 елінен 50 мыңдай адам қатысады.

 Алматы, NEGE. Қазақстан атынан Әлия Айтқазина, Ерлан Өтегенов, Азат Сембаев, Рената Муссина және Ерлан Баймұқанов жүгіргелі отыр. 2020 жылдан бері пандемияға байланысты ауқымды спорттық шара шегеріліп келген. Енді биыл жарыс дәстүрлі түрде өтеді.  Желаяқтар Нью-Йорк қаласының бес ауданын басып жүгіреді. Жарысты тамашалу үшін жол жиегіне 2 миллионнан астам көрермен жиналады. Қазақстандық спортшыларға Нью-Йорктағы бас консулдық сәттілік тілеп, шапан жапты. Бұл марафон жыл сайын қарашаның алғашқы демалысында ұйымдастырылады.  

Әлия Айтқазина, марафоншы:

- Жасым 61-де. Бұл – менің бесінші марафоным. Бұған дейін Берлин, Лондон, Чикаго, Бостон марафонын жүгіргенмін. Менімен жүгіретін 5 қазақстандыққа сәттілік тілеймін.

Тегтер: