28 Наурыз 13:24
...

NU ғалымдары микроэлектроникаға негізделген болашақтың материалын әзірледі

NU
Фото: NU

NU ғалымдары көп функциялы үш өлшемді полимерлерді синтездеудің инновациялық әдісін тапты.

Астана, NEGE. Зерттеушілер енді әртүрлі композитті материалдарды шығара алады. 

Топ жетекшісі, профессор Нұршат Нұражының айтуынша, алынған жаңа материал энергия сақтау құрылғыларын жасап шығуға жол ашады. 

«Микроэнергияны сақтау құрылғыларының дамуы электроникалық заттарды дамыту үшін өте маңызды. Біздің полимерлер дәстүрлі материалдардан асып түседі және шағын энергияны сақтау қолданбалары үшін үнемді шешім ұсынады. Олар дәл Қазақстанда өндірілуі де мүмкін», деді профессор. 

Жаңа материалды смарт білезіктер, биосенсорлар және икемділік пен деформацияға төзімділікті қажет ететін басқа да құрылғылар сияқты киілетін гаджеттерде қолдануға болады. Ол өзінің қасиеттерін жоғалтпай оңай иіледі.

Зерттеуші Гүлдана Жігербаева болашақ материалдың қасиеттерін атап өтті.

«Материалдық инженер ретінде мен ақылды материалдарды, яғни болашақтың материалдарын өндірудің масштабталатын әдістерін әзірлеуге тырысамын. Жаңа технологияның басты артықшылығы – оның әмбебаптығы мен қарапайымдылығы. Кеуекті полимерлерді синтездеудің қолданыстағы әдістерінен айырмашылығы – бұл тәсіл қосымша әдістерді, айқастырғыш агенттерді немесе диэлектриктерді қолдануды қажет етпейді. Бұл процесті айтарлықтай жеңілдетеді және оның құнын төмендетеді. Біз қазірдің өзінде икемді энергия сақтау құрылғыларын, газ датчиктерін және сутегі өндіру жүйелерін жасау кезінде осы әзірлемелерімізді қолданып жатырмыз. Осылайша платформаның тиімділігін дәлелденген. Синтездің ауқымдылығы материалдарды өндірісте қолдануға жол ашады», – Гүлдана Жігербаева.

Қазақстандық ғалымдар тобының полимерлік нанокомпозиттер саласындағы зерттеулері болашақтың тиімді энергия сақтау құрылғылары мен материалдарын құру жолындағы маңызды қадам болғаны сөзсіз. Қазір ғалымдар жаңа синтездеу жолын басқа композиттік полимерлер жасау үшін пайдалануда. Бұл полимерлер сутегі өндірісінде, суды тазартуда, сезімтал сенсорларды жасауда және жаңартылатын энергия мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқа жобаларда қолданылады.

Жұмыстың нәтижелері Nature Portfolio құрамына кіретін Scientific Reports беделді ғылыми журналында жарияланды.