USD
USD
USD

Новороссийск портына шабуыл жасалды: Қазақстан мұнай экспортына зиян келді ме?

5 сәуірге қараған түні Новороссийск портына шабуыл жасалды. «Шесхарис» мұнай құю терминалы дрондар соққысына ұшырады.

Мұнай тасымалы
Фото: Видеодан кадр

Астана, NEGE. Қазақстан мұнайы транзитінің бір бөлігі осы терминал арқылы өтеді. Ал негізгі бөлігі Оңтүстік Озереевка маңындағы Каспий құбыр консорциумының (КҚК) теңіз терминалы арқылы жөнелтіледі.

Қазақстанның Энергетика министрлігі дрон шабуылы экспорт көлеміне әсер етпегенін хабарлады.

«Қолда бар ақпаратқа сәйкес, бұл жағдай қазақстандық мұнай экспортының көлеміне әсер еткен жоқ. Қазіргі таңда шикізатты магистральдық мұнай құбырлары арқылы қабылдау және тасымалдау штаттық режимде жүргізілуде. Экспорт жоспарлары кестеге сай орындалып жатыр», – делінген хабарламада.

Бұған қоса, порттағы жағдайды министрлік бақылауда ұстап отырғаны айтылды.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде 35 жастағы әйелді бұрынғы танысы пышақтап кеткен

Күдікті

Сауд Арабиясына жасалған шабуылдар: СІМ қазақстандықтарға үндеу жасады

СІМ ғимараты

Такси бағасы үш есе қымбаттаған: inDrive-ке ескерту жасалды

такси

«Бетіңді тіліп тастаймын»: Алматыда пышақ ұстаған балалар тұрғындарды қорқытқан

Пышақ ұстаған бала