USD
USD
USD

Нора Джеруто жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында үздік ондыққа енді

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Нора Джеруто Жапонияның Токио қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында бақ сынады.

Жеңіл атлет
Фото: Olympic.kz

Алматы, NEGE. Спортшы 3000 метр қашықтыққа тосқауылдар арқылы жүгіруден шешуші кезеңге жолдама алған болатын.

Финалдық сайыста Джеруто алдыңғы топта келе жатты. Соңғы айналымда қола жүлде үшін таласты.

Алайда соңғы тосқауылдардың бірінде сүрініп, құлап қалды. Нәтижесінде алтыншы болып мәре сызығын кесті - 9:06.34.

Кениялық Фейт Черотич жеңіске жетті - 8:51.59. Бахрейн атынан сынға түскен Винфред Яви екінші орынға табан тіреді - 8:56.46. Үздік үштікті эфиопиялық Сембо Алмаю түйіндеді - 8:58.86.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық