USD
USD
USD

«Нөмірді eGov порталы арқылы аласыз» – SIM-карта сатып алуға шектеу қойылуы мүмкін

Мәжіліс отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек ведомствоның SIM-карталарды бір қолға сатуды шектеу туралы ұсынысын жеткізді.

SIM-карта
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Министрлік SIM-карталар санын шектемек.

«Қазір алаяқтар әлеуметтік желілерде жұмыс істейді. Негізінен WhatsApp-ты қолданады. Сондықтан біз ұялы нөмірлер жоспарын мемлекетке қайтару үшін заңнамалық бастама көтереміз. Біз нөмірлік жоспарды мемлекетке қайтарамыз және азаматтар электрон үкімет порталында немесе eGov mobile қосымшасы арқылы ұялы телефон немесе қалалық байланыс нөмірін алады. Сонымен қатар бір адам алатын SIM-карталар санын шектейміз. Ал енді коммерциялық мақсатта SIM-карталарды бақылаусыз алатын заңды тұлғалар әр нөмірді пайдалану мақсатын негіздеуі керек болады. Алдағы уақытта осындай бастамалармен сіздерге келеміз», - деді Асхат Оразбек.

Қазір оқып жатыр

Джеки Чан Қазақстанда «Құдайдың сауыты: Ультиматум» фильмінің түсірілімін бастады

.

Тоқаев Ауыл шаруашылығы министріне азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуды тапсырды

Тоқаев, Сапаров

ҰҚК Атырау әкімінің тағы бір орынбасарына қатысты тергеу жүріп жатқанын растады

Тілек Махуов

Съезд «Әділет» партиясының Жарғысына ауқымды өзгерістерді бекітті

«Әділет» партиясы