USD
USD
USD

Nomad Stunts студиясының каскадерлары Диснейдің «Мулан» фильміне түсті

АҚШ, Қытай, Канада елдері бірігіп түсірген фильмнің бюджеті 200 000 000 доллар.

Nomad Stunts студиясының каскадерлары Диснейдің «Мулан» фильміне түсті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Ресейде 10 қыркүйек күні премьерасы жоспарланған фильм үшінші қыркүйектен бастап әлем назарына жол тартқан.

115 минутқа созылатын фильм "Мулан" мультфильмінің желісімен түсірілген. Фильмде ғұн тайпасынан қорғанған қытайлық арудың батырлығы сөз етіледі. Атақты Walt Disney Pictures кинокомпаниясы түсірген фильмге қазақстандық каскадерлар тартылғаны белгілі болды. Бұл туралы Instagram желісіндегі qazaqpyz_goi парақшасы жазып, түсірілім сәтінің видеосымен бөлісті. 

"Біздің отандастарымызды мақтан тұтатын сәт! @nomadstunts - өз істерінің шебері! Nomad Stunts - Голливудтің көптеген фильмдерінде бой көрсетіп жүрген қазақстандық каскадерлар студиясы. Бұл видео Disney-дің "Мулан" фильмін түсіру сәтінен алынды. Фильмнің әлемдік премьерасы 2020 жылдың 3 қыркүйегінде басталған", - деп жазды видеомен бөліскендер.

Қазір оқып жатыр

NAVAI мінген көліктен есірткі табылды

NAVAI

Астанада құмар ойынның кесірінен екі шенеунік қызметінен айырылды

Портфель ұстаған шенеуніктер

Жасанды интеллект медианарықты өзгертеді, бірақ жауапкершілік журналистің мойнында қалады – Қанат Ысқақов

Қанат Ысқақов

Қазақстандықтардың деректері шетелге кете ме? Депутат тексеруді талап етті

Ляззат Жылқыбаева