USD
USD
USD

Ноғаев жер қойнауын пайдаланушыларға ескерту жасады

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев жер қойнауын пайдаланушыларға ескерту жасады.

Ноғаев жер қойнауын пайдаланушыларға ескерту жасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев пен Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин өңірдегі мұнай-газ саласының бірқатар нысанын аралады. Делегация «Gas Processing Company» ЖШС-нің «Қожасай» газ өңдеу зауытының жұмысымен танысып, Жаңажол газ өңдеу зауытында және «СНПС – Ақтөбемұнайгаз» АҚ газтурбиналы электр станциясында болды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. Сапар қорытындысы бойынша мұнай-газ саласы, кәсіпкерлер, Энергетика министрлігі мен Ақтөбе облысы әкімдігі өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті. – Облыс әкімі Энергетика министрлігінің алдына кен орындарына жақын орналасқан елді мекендерді газбен жабдықтауға жәрдемдесу, сондай-ақ олардың тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету мәселесін қойып отыр. Біз жер қойнауын пайдаланушылармен осы мәселелерді пысықтап, олардың әлеуметтік жауапкершілігі аясында қолдау көрсетеміз. Сондай-ақ жер қойнауын ұтымды пайдалану және қоршаған ортаға әсерді азайту өте маңызды. Жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық мерзімі аяқталғанымен, кен орны мен оған іргелес жерді пайдалану мерзімі аяқталмайды, біздің ортақ міндетіміз – кен орындарының қызмет ету мерзімін ұлғайту, бұл тек ұқыпты пайдалану кезінде ғана мүмкін болады. Бұл мәселе министрліктің тұрақты бақылауында, – деді Нұрлан Ноғаев.

Қазір оқып жатыр

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі

30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді

Парламент

«Van Cleef алқасын, Dior сөмкесін пара ретінде алған»: Кореяның экс-бірінші ханымы тағы 7 жыл арқалады

Ким Кон Хи

Бейбіт Құсайынов: Қазақстанда екінші орын алсаң, «бірінші орын алдым» деп есептей беруге болады

Бейбіт Құсайынов