Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Нобель сыйлығының иелеріне 1 млн доллардан беріледі

 2020 жылы Нобель сыйлығының иелеріне 10 миллион швед кроны, яғни шамамен 1 млн долларға жуық қаржы табысталады.

Нобель сыйлығының иелеріне 1 млн доллардан беріледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Нобель қоры хабарлады. «Жетістіктері арқылы бізді шабыттандырып, болашағымызға үміт сыйлатын лауреаттардың еңбегін бағалау әсіресе биыл аса маңызды. Нобель аптасының қарсаңында сыйақы көлемі 1 млн кронға (шамамен 100 мың доллар) артатынын қуана хабарлаймыз», – деп мәлімдеді Нобель қорының басшысы Ларс Хейкенстен. Қор мәлімдемесінде 2012 жылдан бері қор капиталы 3-тен 4,6 млрд кронға (300-ден 460 миллион доллар) көбеюіне байланысты кіріс те артқаны жазылған. Ал жыл сайын сыйлық иелеріне берілетін сыйақы көлемі осы қаржыдан алынады. 2017 жылдан бері сыйақы мөлшері 9 млн крон болып келген. Нобель сыйлығы лауреаттарының есімдері 5 қазан күні белгілі болады. Ал оларды марапаттау рәсімі әдеттегідей Альфред Нобельдің өмірден өткен күні, 10 желтоқсанда өтеді. Биыл бұл салтанатты іс-шара онлай өтетіндігін де еске саламыз.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы мұнай-газ кәсіпорнында жоспардан тыс тексеріс басталды

жоспардан тыс тексеру

​Назарбаевтың кезінде тарихшылар тоғыз ай жалақысыз отырған – Жақсылық Сәбитов

Жақсылық Сәбитов/Decaf

Қарағандыда 56 жастағы тиктокер әйел болып киініп, балалармен таныспақ болған

стример

Алматының тау бөктерінде 9 қабаттан биік ғимараттар салуға қандай жағдайда рұқсат беріледі?

жалған тәжірибе, мемлекеттік сатып алу