USD
USD
USD

Нобель сыйлығына наразылық

«Албания, Түркия, өзін өзі тәуелсіз деп жариялаған Косово мен Швеция мемлекеттерінің елшілері Нобель сыйлығының салтанатты шарасына наразылық танытуда» деп хабарлайды, Dagens Nyheter басылымы.

Нобель сыйлығына наразылық
Фото: NEGE.kz

Төрт елшінің Нобель комитетіне наразы болу себебі, Югославияда соғыс болған кезде сербтер туралы пікірін ашық білдіріп, сол кездегі президент Слободан Милошевичке қолдау көрсеткен австриялық жазушы Петер Хандкенің сыйлыққа ұсынылуы. Кешкісін Стокгольмде елшілерді қолдап тағы төрт жүздей адам наразылық акциясына шықты. Нобель комитетінің әдебиет саласы бойынша жауапты басшысы бұл сыйлықтың саясатқа еш қатысы жоқ екенін, ұсынылған жазушының саяси көзқарасына емес, еңбегіне берілетіндігін жеткізді.

Петер Хандке – 1942 жылы туған Австрия жазушысы, поэзия, драматургия және эссе жанрында көп жарияланады. Оған «Онбірметірлік алдындағы қақпашының үрейі» атты кітәбі танымалдылық әкелген.

Қазір оқып жатыр

Атырау МӨЗ-дегі шығарындылар дауы: кәсіпорын не дейді?

мұнай өңдеу

ДДСҰ Иркутскідегі жағдайға қатысты қауіп деңгейін бағалады

уланған қыз

Құрылтай депутаты Татьяна Савельева мандатын мерзімінен бұрын тоқтатты

Татьяна Савельева

Он ойыншымен қалған Фарер аралдарын Қазақстан құрамасы жеңе алмады

Матч