USD
USD
USD

Н.Назарбаев: Кеткім келеді, бірақ кете алмаймын...

Кеше «Хабар» арнасы Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың сұхбатын жариялады. Сұхбатта Елбасы мемлекеттік іске араласуын неге қоя алмайтынын айтты.

Н.Назарбаев: Кеткім келеді, бірақ кете алмаймын...
Фото: NEGE.kz

Журналист Айгүл Әділованың: «Нұрсұлтан Әбішұлы, уақыт бөлгеніңізге, әңгімемізді жалғастыруға келіскеніңізге рахмет. Қазір сіз мемлекеттік іске белсенді араласып жүрсіз», – дегеніне Н.Назарбаев жауап берді.

«Шынымды айтсам, менің жасымда бәрінен кеткің келеді, бірақ кете алмаймын. Өйткені хат жазады, кездесуге сұранады, сосын жұмыс істеуге тура келеді. Пошта үлкен, халықаралық және өзімдікі.

Мүмкін бұл жақсы да шығар. Ми жұмыс істеу үшін адам бір нәрсемен айналысуы керек. Мәселен, сол қолмен жазу жаза бастасаң, мидың басқа бөлігі жұмыс істейді», – деді Нұрсұлтан Әбішұлы.   

Қазір оқып жатыр

Асу Алмабаев UFC турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті

.

Ертісбаев ҚХП тізгінін Шоқановқа тапсырды

.

Шайға адал, кофеге құмар: қазақстандықтардың таңдауы қалай өзгеріп жатыр?

.

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі